Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Баутино ауылында орналасқан «Саға Аташ» мекемесінде қуаттылығы 5000 тоннаға дейінгі пневматикалық кеме көтеру кешені іске қосылып, «Маңғыстау-1» кемесі суға түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков, аудан әкімі Ержан Күмісқалиев, мекеме өкілдері қатысты.
Кеме жасау және жөндеу саласын дамыту — еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Өйткені күн сайын теңіз арқылы мұнай тасымалы мен Қазақстан қайраңындағы мұнай өндіру көлемі ұлғайып келе жатқандықтан бұл қызметтерге деген сұраныс артуда. «Саға Аташ» кеме жасау және жөндеу зауыты базасында іске қосылған кешен барлық мемлекеттік және ұлттық компанияларға кемелерді жөндеу мен қызмет көрсету бойынша ішкі нарықта кешен қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тек «Саға Аташ»-та ғана емес, сонымен қатар мердігер ұйымдарда да қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өңірдің дамуына оң әсер етеді. Бұл өз кезегінде саланың әлеуметтік ахуалына, атап айтқанда Түпқараған ауданына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, - дейді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асқар Қаныбеков.
Салтанатты іс-шарада Каспий теңізінің секторында мұнай кен орындарын игеруге байланысты ұлттық компаниялардың кемелерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ теңіз сүйреткіштері, баржалар, танкерлер, платформа тіректерін салу қажеттілігі талқыланды. Бұл жұмыстар бүгінде көбінесе шетелдік компаниялар мен шетелдік порттық ведомстволар арқылы жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?