Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстанда Жалпақтал ауылында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қаладан көшіп келген медицина саласы мамандарына тұрғын үй табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шарада халық саулығы жолында еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне тұрғын үйлердің кілтін табыстады.
Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірімізде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – қалада тұратын ауыл азаматтарын туған ауылына қайта оралту арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу. Осы бағытта облыс көлемінде жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде, - деді жергілікті билік өкілдері.
“Қаладан ауылға” бағдарламасы аясында Жалпақтал ауылына қоныс аударған дәрігерлердің қатарында туған жеріне қайта оралған ауыл тумасы да бар. Сонымен қатар Қызылорда, Тараз және Қостанай өңірлерінен келген жалпы тәжірибелі дәрігер, реаниматолог-анестезиолог, акушер-гинеколог сынды мамандар да елді мекендегі медициналық көмекті жақсартуға үлес қосуда.
Жалпы өткен жылы Казталов ауданына жалпы 19 отбасы, яғни 106 адам аталған бағдарлама арқылы көшіп келген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді