20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 тамыз күні таңғы уақытта Казталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында болды.
Анықталғанындай, „ГАЗ-3102“ автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетінде тұрған „КамАЗ“ автокөлігімен түйіскен. Салдарынан 4 адам мерт болып, үш адам ауруханаға жатқызылса, оның екеуі — балалар. Жол оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апаты салдарынан „ГАЗ-3102“ автоөлігінде жолаушы есебінде болған полиция қызметкері мен оның зайыбы көз жұмды. БҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмдардың отбасылары мен тума-туысқандарына көңіл айтады», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1982 жылғы екі ер адам және 1985 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болған. 1983 жылғы әйел ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 2016 жылғы ұл баланың жағдайы өте ауыр. 2014 жылғы жасөспірім мен 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты дәрежеде ауыр. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?