Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап 60 үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта БҚО-ның Бөрлі ауданы Ақсу ауылында – 23 үй, Пугачева ауылында – 12 үй, Аралтау ауылында – 14 үй, Кеңтүбек ауылында – 11 үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта үйлердің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Облыс әкімі аудан әкімдігіне, облыстық құрылыс басқармасына және мердігерлерге жұмыстарды уақытылы аяқтауды және баспаналардың сапасына баса мән беруді тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтау керекпіз. Бөрлі ауданында бірнеше ауылдарды аралап шықтым. Жұмыс қарқыны жақсы. Кейбір үйлердің құрылысына қосымша тағы да құрылысшыларды тарту қажеттілігін ескерттім, - деді Нариман Төреғалиев.
Сонымен қатар өңір басшысы ауылдарды аралау барысында аудан әкімдігіне су тасқыны салдарынан бұзылған үйлердің қоқыстарын жинауға техника тартуды қамтамасыз етуді, қорғаныс бөгеттерін тұрғызуды және тасқыннан зардап шеккен ауылдарды абаттандыру мәселесіне назар аударуды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, БҚО-ның Бөрлі ауданында су тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 64 үй сатып алынып, қалған 60 отбасыға жаңа баспаналар салынуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?