10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соның ішінде жастар арасындағы 4 пайыз, NEET санатындағы жастарға арналған жұмыстар 4,9%-ды құрап отыр. Бүгін де «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы несие беру жұмыстарын бастады. Қазірдің өзінде 1,5 миллиард теңгеге өтініш қабылдап, несие беруді бастадық. Одан бөлек жастарды қолдау мақсатында 238 адамға 5 миллион теңге мөлшерінде жалпы сомасы 1 миллиард 700 миллион теңге жеңілдетілген несие береміз, - дейді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында биыл 405 адамға 1 миллион 400 мың мөлшерінде жалпы сомасы 570 миллион теңгеге жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі.
Қазіргі таңда облыс деңгейінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10 мыңнан аса адамды жұмысқа орналасқан. Соның ішіндегі 4 мыңға жуығы, яғни 40 пайызы жастар. Биылғы жылы облыста 28 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, - дейді Нариман Төреғалиев.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді