19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтөбе облысының полицейлері 80 келі шаянды заңсыз аулаған БҚО тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 қазанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ақкемер ауылынан 5 шақырым жерде полиция қызметкерлері облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қиыл өзенінің арнасында балық ресурстарын заңсыз аулаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар барысында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзудың 17 фактісі, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз пайдаланудың 2 фактісі, заңсыз аң аулаудың 2 фактісі және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 1 фактісінің жолын кесті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары