Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысы сұйытылған газға деген қажеттілігін жаба бастады. Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік парақшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті жерлестер! Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында осыдан бір ай бұрын облысымызда Үкімет басшысының қатысуымен «Рожковское» газ кен орны іске қосылған болатын. Аталған шара барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенімде жаңа кен орны облысымыздың сұйытылған газға деген сұранысын жабатынын айтқан едім. Енді міне араға тура бір ай салып кен орнынан өндірілген 1100 тонна сұйытылған газ облыс қажеттілігіне бөлінді. Ай сайын осындай көлемде өңірге cұйытылған газ жеткізіліп тұратын болады. 2024 жылдың соңына дейін кен орнында 4 ұңғыманы пайдалануға беру жоспарда бар. Осылайша өндіріс қуатын арттырып, бұрынғыдай сұйытылған газды басқа облыстардан әкелуден арыламыз. Бұл бірлескен еңбектің нәтижесі. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген газ саласының барлық қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, - деп жазды БҚО әкімі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді