20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz.
BoxRec.com мәліметінше, 32 жастағы Жүкембаев 20 қыркүйекте Флорида штатындағы Плант-Ситиде рингке шығады, оның қарсыласы – 30 жастағы аргентиналық Уго Альберто Рольдан (22-1-1, 7 КО). Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.
Бұл Батырдың АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Алғашқы айқасында ол жеңіліп қалған болатын.
Шу тумасы өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматыда өткізді, онда ол оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірді.
Қарсыласына келетін болсақ, Рольдан 25 ақпанда Аргентинада жартылай орта салмақтағы WBA Fedelatin бос титулына арналған жекпе-жекте отандасы Хосе Уго Асеведоның (14-5-2, 8 КО) жеңген, алайда қазіргі уақытта ол аталған белбеуге иелік етпейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?