7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік істі қарап, оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Сот мәліметінше, спортшы Toyota Land Cruiser көлігін басқарып келе жатып бірнеше жол-көлік оқиғасына себеп болған. Алдымен жерасты автотұрағы қақпасының тіреуіне соқтығысқан. Кейін тағы бір автокөлікпен соқтығысып, соққының әсерінен үшінші көлікке соғылған. Бұдан кейін Kia Sportage көлігімен соқтығысып, оның салдарынан әлгі көлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.
Оқиға салдарынан бірнеше көлікке механикалық зақым келіп, материалдық шығын келген.
Соттың хабарлауынша, құқық бұзушылық фактісі медициналық куәландыру қорытындысымен, әкімшілік хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдермен расталған. Медициналық сараптама Данияр Елеусіновтің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын анықтаған.
Спортшының әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Бұл бап бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот отырысында Данияр Елеусінов өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде сот оған 20 тәулік әкімшілік қамау және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Шулы оқиғаға қатысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мерей Ақшалов та пікір білдірді.
Бокстағы бауырым Данияр Елеусіновтің басына түскен іс жайында еліміздің түрлі басылымдарынан оқып-біліп жатырмын. Заңға қайшы келетін ешқандай іс-әрекетті қолдамаймын, дегенмен ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғаған батыр ұлдарыңыз жайында асығыс пікір жасамасаңыздар екен деген өтініш. Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан қатты айыптап, сынамай, істің мән-жайын күтейік, – деді ол.
Бұдан бөлек АҚШ-та тұратын танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталуына қатысты ой бөліскен еді. Ол Instagram-дағы сторисінде танымал спортшылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары болуы керектігін айтты.
Менің пікірім өзгерген жоқ, спортшы қаншалықты танымал болса, оның жауапкершілігі де соншалықты жоғары болуы керек. Қателеспейтін адам жоқ, оны жоққа шығармаймын. Бірақ жеке өмір – бір бөлек, ал көпшілік алдында мас болып жүру, қандай да бір тыйым салынған заттарды қолдану, төбелес шығару, заңды бұзу немесе айналадағы адамдарға қауіп төндіру – мүлде басқа нәрсе. Мен үшін мұндай әрекеттер қабылдауға келмейді! Маған «айыптама» деп жазудың қажеті жоқ. Жақында әйелін соққыға жыққан Жүсіповке қатысты пікір білдіргенімде де осылай айтқан еді. Бұл – айыптау емес, бұл – менің жеке пікірім және оны айтуға толық құқығым бар. Әсіресе мұндай әрекеттер жұртшылыққа белгілі болып, қоғамда үлкен резонанс тудырса, – деп жазды Сатыбалдинова.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бірнеше жол-көлік оқиғасына қатысып, оқиға орнынан кетіп қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері анықталғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ жұбайын соққыға жықты деген күдікпен боксшы Теміртас Жүсіпов ісіне қатысты жаңа мәлімет шыққан еді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?