20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақ жеңіл атлетикасында әр дәуірде өз мықтысы болған. Мысалы, 90-жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Ольга Шишигина, одан кейін Дмитрий Карповтың жұлдызы жанды.
Сосын 10 жылдан астам уақыт Ольга Рыпакованың әр қадамын андып отырдық. Қазір буын алмасу процесі жүріп жатыр. Солардың арасында ерекше үміт күттіретіні биіктікке секіруші – Надежда Дубовицкая. 25 жастағы семейлік қыз осымен екіші Азия ойындарына аттанды. Бес жыл бұрын Джакартада қола медаль алған, бұл жолы алтынға қол соза ала ма? Бұл жайлы өзінен сұрап білдік.
Бұл жолы Азия ойындарына Кристина Овчинникова екеуіміз бірге аттандық. Мұның пайдасы бар. Бір мемлекеттен бір дисциплинада бірнеше спортшы болғаны жақсы ғой, - дейді спортшы.
Ол 2018 жылы Джакартада 1,84 метрге секіріп үшінші орын алған. Ол кезде өзбек қыздары алдын ораған. Атап айтсақ, Светлана Раздивил (1,96 метр) мен Надя Дусанова (1,94) өзара бір мен екінші орынды бөліскен.
Сафина Садуллаева келетінін білемін. Сосын Светлана Раздивил да қатысып қалады деп жатыр. Ол екеуі келсе, негізгі бәсекелестеріміз солар болмақ. Чемпион болу үшін кемі 1,90 метр болуы тиіс. Шама келсе одан жоғары секіру қажет. Соңына дейін таласамыз. Ел қоржына алтын жүлде салу үшін аянып қалмаймын, - Надежда Дубовицкая.
Айта кетейік, Қытайда 23 қыркүйектен 8 қазанға дейін ХІХ Азия ойындары өтеді.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?