29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлдағы 5 жылдың ішінде құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған 107 инвестициялық жоба іске асады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Негізін айтар болсақ, мемлекет жылжымайтын мүлік нарығы бағасын реттемейді. Бірақ, біз тиісті мониторинг жүргіземіз. Сол нарық бағасының өсуіне не өспеуіне тікелей ықпал ететін құрылыс материалдары екені белгілі. Мемлекет осы құрылыс материалдары бағасының өспеуіне тиісті іс-шаралар қабылдауы керек. Біз, мысалы бес жылдың ішінде 107 инвестициялық жобаны іске асырамыз. Олардың көлемі бір трлн теңгеге жетеді. Аталған инвестициялық жобалар отандық құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған, - деді Үкімет басшысы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.
Оның атап өтуінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде еліміздің құрылыс саласына қажетті материалдарды шығарсақ, онда ол тұрғын үй бағасының тұрақтануына тікелей әсерін тигізетін болады.
– Бұл бағытта арнайы жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Әлихан Смайылов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек