Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада баскетболдан Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Додада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен үздік командалар жиналды. Ақтық сын - еліміздегі мыңдаған мектеп пен миллиондаған оқушыны қамтыған ауқымды республикалық жобаның шарықтау шегіне айналды.
Баскетбол жарысында Түркістан облысынан келген Далабазар мектебінің оқушылары жеңіске жетті. Күміс жүлдені Жамбыл облысындағы №24 мектеп-гимназиясы иеленді. Астана қаласындағы №62 мектеп-лицейінің жас баскетболшылары үздік үштікті түйіндеді.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан ҰОК-нің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.
Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында Ұлттық мектеп лигасын өткізу - ерекше мәнге ие. Бұл жай ғана спорттық жарыс емес, бұл – өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында олимпиадалық қозғалыстың негізі болып саналатын құндылықтарды: үздіксіз даму, өзара құрмет пен әділдікті – қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Біз мұндай бастамалар арқылы дені сау әрі белсенді қоғамның берік іргетасын қалау мүмкін екеніне сенімдіміз, - деді Әлімжан Ақаев.
Айта кетейік, 2025 жылы Ұлттық мектеп лигасы 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында өтіп жатыр. Бұл жобаның олимпиадалық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын айқындай түседі.
Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына әртүрлі спорт түрлері енген. Олар: үстел теннисі, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, футзал, жеңіл атлетика, гандбол, асық ату, шахмат және футбол.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?