13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында 20 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім болып қызмет етіп жүрген 44 жастағы ер адам өз әйеліне балтамен шабуыл жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктінің келіншегін бірнеше рет балтамен ұрып, саусақтарын шапқаны анықталды. Оқиға ерлі-зайыптылардың өз үйінде болған.
Қазіргі таңда ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде:
Полиция адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында, – делінген.
Жапа шеккен 1983 жылы туған әйел ауыр хәлде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа политравма, яғни бірнеше ауыр жарақат диагнозы қойылған.
Миына зақым келген, басынан соққы алған. Маңдай сүйегі, үш саусағы мен шынтақ сүйегі сынған. Түскен бойда ота жасап, сынықтарды орнына келтірдік. Алдағы уақытта жақ сүйегіне де ота жасау жоспарланып отыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – деді Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.
Оқиғаның туындауына қызғаныш пен тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Күдікті мен жәбірленушінің бес баласы бар.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды