20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБас прокуратура Әзербайжанда қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қадағалаушы органның мәліметінше, Жанболат Серіковты Әзербайжан аумағында Біріккен Араб Әмірліктері органдарының сұрауы бойынша ұстаған.
Бұл ретте Жанболат Серіковке құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған жоқ, сол себепті оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайды, – деп хабарлады Бас прокуратура.
Telegram-каналдар ұсталған адам "Finiko-ның негізін қалаушы Эдуард Сабыровқа шабуылды ұйымдастырушы" деп хабарлап жатыр. Әзірше бұл ақпарат ресми расталған немесе жоққа да шығарылған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Жаңа жыл түні Finiko компаниясының негізін қалаушының Дубайдағы вилласына қарақшылар басып кіріп, 327 мың доллар қолма-қол ақшаны ұрлап, оны және оның әйелін жарақаттаған. Эдуард Сабыров атышулы Finiko қаржылық пирамидасының негізін қалаушы ретінде де айтылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?