Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБас прокурор Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Құқық қорғау органдары академиясына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Асыловтың сөзінше, ұжымға 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров таныстырылды.
Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор, – деп жазды Бас прокурор.
Сонымен қатар ол академия алдына бірқатар маңызды міндеттер қойғанын атап өтті:
– «білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту»;
– «жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау»;
– «ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту»;
– «Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету»;
– «курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару»;
– «шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту».
Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін, – деп түйіндеді Берік Асылов.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?