22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБас әскери прокуратура қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық істің тергелу барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында болған еді. Сол кезде мерзімді әскери қызметші Бекбол Мираш асылып көз жұмған болатын.
«Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б .Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан», - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.
«Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқалары, соның ішінде жыныстық ықтимал зорлық-зомбылық белгілері тексерілді. Алайда бұл дерек расталмаған. Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды. Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды», - делінген хабарламада.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев