Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынын Ресейдің «Сибирь» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі кездесу барысында командалар тартысты ойын көрсетті. Алғашқы кезеңде қазақстандық клубтың белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Давид Скленичка 5, Алекс Грант 11-минутта мергендік танытты.
Одан кейін қазақстандық клубтан 25минутта Райли Барбер басымдықты арттырды.
Ресейлік команда сапынан Илья Морозов 27, Владимир Бутузов 39-минутта гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Ал 41-минутта Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.
Одан кейін Батырлан Мұратов 51-минутта қайтадан «Барысты» алға шығарса, Алексей Яковлев 53-минутта көздеген нысанадан мүлт еткен жоқ.
Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда ресейлік клубтың жолы болды.
Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 4:5 есебімен жеңіліп қалды.
Енді елордалық команда 7 қыркүйекте Новосібірде «Сибирьмен» тағы бір мәрте кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді