Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл елордалық клуб біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Олар бұған дейін 37 ойыннан кейін 29 жинап, 23-орында тұрған еді. Ал «Северсталь» 36 ойында 37 ұпай жинап, 16-орында келе жатқан болатын.
Кездесу барысында қазақстандық команда белсенділік көрсетті. Нәтижесінде 7-минутта Энтони Камара «Барысты» алға шығарса, 13-минутта ресейлік клубтан Илья Иванцов таразы басын теңестірді.
Ал Кирилл Пилипенко 22-минутта «Северсталь» командасының басымдығын арттырса, «Барыс» сапынан Михаил Рахманов гол соғып кетті.
Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда елордалық клубтан Евгений Рымарев мергендік таныттып, «Барыс» 3:2 есебімен басым түсті.
Бұл – елордалық клубтың қатарынан екінші жеңісі.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда көш басындағы «Металлургтен» басым түсті.
Енді елордалық клуб 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді