Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Барыс» пен «Торпедо» кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Владислав Фирстов 15-минутта есеп ашса, Егор Виноградов 26-минутта есепті үстемелей түсті.
Оған «Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 43-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.
Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен Ресейде «Металлург» (Магнитогосрк) клубымен кездессе, одан кейін 2 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 4 қарашада «Ак Барс» (Қазан) командаларымен ойнайды.
Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Беларусьтің «Динамо» (Минск) (2:5) командасына есе жіберді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді