29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы.
Іс-шара аясында трибуналарда бірлік, патриотизм және ұлттық спортты қолдау үшін көлемі 12×24 метр болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жайылды.
Сонымен қатар қатысушылар конституциялық реформаларды қолдауға арналған арнайы тақырыптағы перформанс ұйымдастырды. Азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар ту ашылды.
Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.
Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрметті айқын көрсетті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек