Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Барыс» хоккей клубының қаңтар айындағы ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Барыс» бұл айда өз алаңында 7 матч өткізеді.
Бірінші матч бүгін, 3 қаңтар күні Магнитогорскінің «Металлургімен» өтеді. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының ойыны астана уақытымен сағат 17.00-де басталады. Тікелей эфирді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
12 қаңтарда «Барыс» Мәскеу қаласының «ЦСКА» командасымен, 14 қаңтарда Нижнекамскінің «Нефтехимик», 16 қаңтарда Новосибирскінің «Сибирь», 25 қаңтарда Череповецтің «Северсталь», 27 қаңтарда Челябинскінің «Трактор» және 29 қаңтарда Мәскеудің «Динамо МСК» клубтарымен ойнайды.
«Барыс» сырт алаңда тағы 7 ойын өткізетіні жоспарланған. Атап айтқанда, 5 және 6 қаңтарда астаналық хоккейшілер Хабаровскінің «Амур», 8 және 9 қаңтарда Владивостоктің «Адмирал», 19 қаңтарда Челябинскінің «Трактор», 21 қаңтарда Екатеринбургтің «Автомобилист» және 23 қаңтарда Магнитогорскінің «Металлург» клубтарымен кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді