29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Барселона» футбол клубы өзінің бұрынғы ойыншысы Лионель Мессиді қайтару үшін барын салып бағуда. Бұған каталониялықтардың Мессидің құрметіне мұражай ашуды жоспарлап отырғаны дәлел болса керек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Барса» басшылары «Ноу Камп» аренасында орналасқан клуб академиясының ғимаратын Лео Месси мұражайына айналдырмақ. Клуб басшылығы жаңа нысан әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен жанкүйерлерді тартатын орынға айналады деп сенеді. Сол арқылы 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысымен келісімшартқа отыру шығындарын ішінара жабудан дәмелі.
Лионель Мессидің ПСЖ-мен келісімшарты осы жазда аяқталады, сондықтан ол еркін агент ретінде өзіне ыңғайлы клубты таңдай алады.
Каталон клубы мұражай ашу арқылы Мессиді «Барсаға» оралуға көндіргісі келеді. Ал бұл жоспардың қаншалықты жемісін беретінін уақыт көрсетер.
La Parisien мәліметінше, Месси ПСЖ-дан жалақы көтеруін талап еткен, дегенмен басшылық аргентиналық жұлдыздың бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек