19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Барселона» шабуылшысы Ансу Фати мансабын ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Каталония клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы Ансу Фатиді «Брайтон» клубы 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалға алған.
Бұған дейін испаниялық БАҚ футболшының бас бапкер Джави Эрнандестің ойын тұжырымдамасына сәйкес келмейтінін хабарлаған. Сондықтан оның командадан кетуі уақыт еншісіндегі дүние ғана болатын.
Ансу Фати «Эррера» балалар командасында футболмен айналыса бастады, 2010 жылдан 2012 жылға дейін «Севилья» академиясында тәлім алды, содан кейін «Барселона» жүйесіне ауысты.
Ойыншының каталон клубымен қазіргі келісімі 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Transfermarkt порталы шабуылшының нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалайды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары