Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр мемлекеттік органдарға кәсіпкерлерге өнімді сату нарығын кеңейтуге қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Үкімет отырысында экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін инвестициялық белсенділікті ынталандыру қажеттігін атап өтті. 11 өңір негізгі капиталға инвестициялар бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізген жоқ.
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қаржылық тәртіпті қатаң қамтамасыз ету керек. Барлық мемлекеттік органдар инвестициялық жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыруды мақсат етуге тиіс. Салалық министрліктер мен әкімдіктер өнімді сату нарықтары мен экспорттық тауарларды кеңейту үшін кәсіпкерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетуге тиіс.
Өндірістерді Қазақстанға көшіру үшін шетелдік кәсіпорындарды іздеп тауып, осында орналасқан өндірістерде локализацияны арттыруға жәрдемдесу керек. Жылдың соңына дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша нысаналы индикатордың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бәріңізге осындай міндет қоямын. Өңдеу секторы, агроөнеркәсіп, көлік және логистика, сондай-ақ сумен және электрмен жабдықтау салаларын ерекше назарға алу керек, — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Сыртқы істер министрлігі инвестиция тарту жұмысын күшейтіп, оның нәтижесі мен проблемалық мәселелерді Инвестициялық штаб отырыстарына ай сайын ұсынып отыруы қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?