Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҮкімет басшысы қазір колледждерде мұғалімдер тапшылығы барын және 5 мың педагог жетіспейтінін айтты. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітірсе, олардың көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұның себептері әртүрлі. Десе де педагогтің беделі мен мәртебесін арттыру үшін заңнамалық тұрғыда көп жұмыс атқарылды. Мұғалімдердің жалақысын көтердік. Оларды қосымша жүктемелер мен артық есеп беруден босаттық. Ағартушылық салаға дарынды жастарды тарту бойынша кешенді шаралар қабылданды. Педагогикалық ЖОО-ға түсуге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұның барлығы дұрыс. Педагогикалық ЖОО-ға түсу ұпайы қаншалықты жоғары болса, ең мықты талапкерлерді іріктеу мүмкіндігі де соншалықты арта түседі, – деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр осыдан 5 жыл бұрын аталған мамандықтарға 50 балл жинау жеткілікті болса, қазір орташа балл 111 екенін тілге тиек етті.
Алайда мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған «бәріне мұғалім кінәлі» деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа педагогтерге түсетін психологиялық жүктеме де бар. Әрине, проблемалар баршылық. Сол себепті, мемлекет мұғалім мамандығын қалайтын жастарды одан әрі қолдайды. Педагог мамандығы бойынша оқитын студенттер шәкіртақысы 2,5 есе ұлғайтылды, – деді премьер-министр.
Үкімет басшысы оқыту сапасын арттырып, педагогикалық ЖОО мен колледждердің студенттерін оқыту әдістемесін қайта қарау қажеттігі туралы министрлікке тапсырма берді.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова