Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкок (Таиланд) қаласында World Boxing ұйымдастыруымен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан жастар құрамасы соңғы дайындық кезеңін Қырғызстан елінде өткізіп жатыр. Ұлттық құрама боксшыларын Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыруда.
Біз Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Жиын барысында физикалық және техникалық дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Қырғызстан ұлттық құрамасымен бірлесіп қарқынды жаттығу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар жаттығу жекпе-жектері өткізілді, - деді Бақыт Сәрсекбаев.
Одан бөлек жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев іріктеу жұмыстары қалай өткенін және алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Әр салмақта өткен жаттығу жекпе-жектерінің нәтижесінде ең үздік спортшылар іріктелді. Іріктелген боксшылардың барлығы Таиландқа барады. Ал Азия чемпионатынан кейін қалыпқа келу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы жарыстан үлкен нәтиже күтеміз. Себебі турнирде бәсекелестік деңгейінің жоғары болатынын біліп отырмыз, - деді ол.
Бұған дейін Азия чемпионатына қатысатын құрама боксшыларының есімі анықталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді