Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жақынынан айырылған отбасы үшін қайғының үстіне қаржылық мәселелер де туындауы мүмкін. Әсіресе марқұмның банктен алған несиесі болса, «Қарызды кім өтейді?», «Мұрагерлер жауап бере ме?», «Сақтандыру көмектесе ме?» деген сұрақтар жиі қойылады. El.kz осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, несие қарыз алушының қайтыс болуымен автоматты түрде жойылмайды. Алайда мұрагерлердің жауапкершілігі шексіз емес. Бұл мақалада осы мәселеге қатысты негізгі құқықтық нормаларды қарастырамыз.
Несие қарызы мұрагерлерге өте ме?
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұра құрамына марқұмның мүлкі ғана емес, оның мүліктік міндеттемелері де кіреді. Сондықтан қарыз алушы қайтыс болған жағдайда оның несиесі де мұрагерлерге өтеді. Бірақ бұл барлық жағдайда мұрагерлер қарызды өз қалтасынан толық өтеуге міндетті дегенді білдірмейді.
Заң бойынша тек адамның жеке басымен тығыз байланысты міндеттемелер ғана тоқтатылады. Мысалы алимент төлеу міндеті не адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндеттемесі. Ал банк несиесі мұндай міндеттемелер қатарына жатпайды.
Егер несие рәсімделген кезде қарыз алушы өмірін сақтандырған болса, көп жағдайда несиені сақтандыру компаниясы өтейді. Әдетте сақтандыру компаниясы негізгі қарызды, есептелген сыйақыны (пайызды) және банкке немесе мұрагерлердің пайдасына төлейді. Алайда мұның бәрі сақтандыру шартының талаптарына байланысты.
Сақтандыру барлық жағдайда төлем жасай ма? Жоқ. Көптеген сақтандыру шарттарында төлем жасалмайтын жағдайлар көрсетіледі. Олардың қатарына мыналар кіруі мүмкін:
Егер қайтыс болу осы жағдайлардың біріне жатса, сақтандыру төлемі жүргізілмеуі мүмкін. Ондай кезде қарыз мұра есебінен өтеледі. Марқұмның сақтандыруы болғанын нотариус, банк немесе сақтандыру компаниясы арқылы анықтауға болады.
Мұрагерлер қанша сомаға дейін жауап береді?
Бұл – ең маңызды құқықтық кепілдіктердің бірі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұрагерлер қарыз үшін тек өздеріне өткен мұраның құны шегінде ғана жауап береді. Мысалы марқұмның банк алдындағы берешегі – 5 миллион теңге. Ал мұрагердің үлесіне құны 800 мың теңге болатын автокөлік тиді делік.
Мұндай жағдайда банк мұрагерден ең көбі 800 мың теңге көлемінде ғана талап ете алады. Яғни банк мұрагердің жеке жинағына, жалақысына немесе мұраға қатысы жоқ мүлкіне талап қоя алмайды. Егер бірнеше мұрагер болса, олардың әрқайсысы өзіне тиген мұра көлемінде ғана жауап береді.
Қарыз алушы қайтыс болғанда не істеу керек?
Мамандар ең алдымен нотариусқа жүгініп, мұрагерлік істі ашуға кеңес береді.
Сонымен қатар банкке қарыз алушының қайтыс болғаны туралы хабарлау, қайтыс болу туралы куәлікті ұсыну, сақтандыру компаниясына жүгіну маңызды. Бұл рәсімдер кейін туындауы мүмкін даулардың алдын алуға көмектеседі.
Өлімнен кейін пайыз бен өсімпұл есептеле ме? Көпшілік осы мәселені шатастырады.
Заң бойынша қарыз алушы қайтыс болған күннен бастап банк өсімпұл мен айыппұл есептеуді тоқтатуға міндетті.
Ал негізгі несие бойынша сыйақы (пайыз) есептеле береді. Себебі қарыз шарты адамның қайтыс болуына байланысты автоматты түрде күшін жоймайды.
Тәжірибеде мұрагерлік рәсімі аяқталғанға дейін банк көбіне төлем талап етпейді. Бірақ қарыз сомасы қайта есептеліп, кейін мұрагердің атына рәсімделуі мүмкін.
Қарыз мұрадан көп болса не болады?
Егер мұра құрамындағы қарыз оның құнынан әлдеқайда жоғары болса, мұрагерлердің заң бойынша мұрадан толық бас тартуға құқығы бар. Мұны мұра ашылған күннен бастап 6 ай ішінде жасау қажет.
Мұнда маңызды бір талап бар: мұрадан ішінара бас тартуға болмайды. Яғни үйді алып, несиеден бас тарту мүмкін емес. Мұра толық қабылданады немесе толық қабылданбайды.
Егер ешкім мұраны қабылдамаса... Егер заңда белгіленген мерзімде ешбір мұрагер мұраны қабылдамаса, ол иесіз мұра ретінде коммуналдық меншікке өтеді. Бұл жағдайда банк марқұмның мүлкіне ғана талап қоя алады. Ал туыстарының жеке қаражатына немесе жеке мүлкіне өндіріп алу қолданылмайды.
Қарыз алушының қайтыс болуы несие міндеттемесін автоматты түрде тоқтатпайды. Дегенмен заң мұрагерлердің құқықтарын да қорғайды. Олар тек өздеріне өткен мұра көлемінде ғана жауап береді, ал жеке мүлкіне талап қойылмайды.
Сондықтан мұндай жағдайда ең дұрыс шешім – нотариусқа уақытылы жүгіну, банкті хабардар ету, сақтандырудың бар-жоғын анықтау және мұраны қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешімді заңда белгіленген алты айлық мерзім ішінде қабылдау. Бұл кейінгі құқықтық және қаржылық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Бүгiн, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бүгiн, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?