Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚабығын аршып жейтін жемістердің өзін жумастан тұтынуға болмайды. Бұл ережені елемеу түрлі жұқпалы аурулар тарап, пестицидтерден улануға алып келуі мүмкін. Бұл жөнінде тағам технологы Тамика Симс Mirror басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, банан секілді қабығы желінбейтін жемістер ағынды сумен жуылуы керек. Бұл олардың бетінде жиналған шаң, бактериялар мен пестицид қалдықтарын кетіруге көмектеседі. Аталған зиянды заттар жемісті тазарту немесе турау кезінде қол арқылы ауызға түсуі мүмкін.
Бұл, бір қарағанда қисынсыз көрінсе де, алдымен бананды жуған жөн, - деп атап өтті Симс.
Ол бұл ережені сақтамау сальмонелла, ішек таяқшасы және листерия сияқты қауіпті микроағзалар тудыратын тағамнан улануға себеп болуы мүмкін екенін айтады. Сальмонеллез кезінде дене қызуы көтеріледі, іш ауырады, диарея мен құсу байқалады. Бұл жағдай балаларға, қарттарға және иммунитеті әлсіз жандарға аса қауіпті - қатты сусыздану кезінде ауруханаға жатқызу қажет болуы мүмкін.
Ішек таяқшасының кейбір штамдары іш ауруы мен диарея секілді ауыр белгілерге себеп болуы мүмкін. Кейде бұл бактерия бүйрекке әсер етіп, өмірге қауіп төндіретін гемолитико-уремиялық синдромға апарады. Ал листерияға жүкті әйелдер аса сезімтал: бұл инфекция өздігінен түсікке, мезгілінен бұрын босануға немесе өлі баланың дүниеге келуіне себеп болуы мүмкін.
Симс сонымен қатар жемістердің бетінде бактериядан бөлек, кір, қоқыс және жәндіктердің қалдықтары да қалуы мүмкін екенін ескертті. Ал пестицидтердің денсаулыққа зияны көп: олардың салдарынан аутизм, қатерлі ісік, гипертония, қант диабеті және деменция сияқты аурулар дамуы мүмкін.
Бұған дейін ұйықтап жатып адам неліктен селк ете түсетіні туралы жазғанбыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?