Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікКеше кешкі сағат 17-00-де Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш көліндегі мұз айдынында 3 балықшы мұздың үстінде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТМЖ-ге сілтеме жасап.
Сағат 20-30-да жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз айдынына жетіп, 3 балықшыны қайық бортына салып алып, жағаға тасымалдады. Сондай-ақ, жолда құтқарушылар мұздың жарылуына байланысты жағаға жете алмай қалған тағы бір балықшыны тауып алды.
Осы ретте министрлік төмендегі жайттарды қатаң ескеруді ұсынады:
- өтуге арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы: кем дегенде 10 см;
- қардың қалың қабатымен жабылған қауіпті жерлерді айналып өту керек;
- жүрілген жолдарды пайдалану керек;
- мұз үстінен топпен өту кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек;
- балық аулау кезінде шектеулі аумақта бірнеше тесік тесіп, үлкен топ болып жиналуға болмайды;
- әрбір балықшының жеке құтқару құралы (жилет, белбеу және т.б.) болуы қажет.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді