22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОқу-ағарту министрлігі Ақмола облысының «Балдәурен» сауықтыру орталығында 14 жастағы баланың қайтыс болуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан лагерьге барды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама баланың қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті, оның салдары ішкі қан кетуді тудырған. Құрылған комиссия жұмысын жалғастырып жатыр», - делінген министрлік ұсынған мәліметте.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін, «Балдәурен» сауықтыру орталығының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұжымы баланың туғандары мен жақынына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, баланың қазасы туралы бүгін, 11 қаңтарда, сағат 06:36-да Бурабай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.
«Анықталғандай, жасөспірім 9 қаңтарда Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына балалар тобының құрамында келген. Қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні жасөспірім іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңертең сағат 05:00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері байқалған жоқ», - деді ведомстводан.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев