Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖаңа цифрлық сервис 2026 жылғы 26 қазаннан бастап еліміздің барлық өңірінде жұмыс істей бастады.
SMS-хабарламада қандай ақпарат болады?
Ведомствоның мәліметінше, «Вакцинация» модулінде екпе туралы дерек тіркелгеннен кейін азаматқа немесе баланың заңды өкіліне SMS-хабарлама жіберіледі.
Хабарламада салынған вакцинаның түрі мен вакцинация жүргізілген күн көрсетіледі. Осылайша азаматтар өздерінің немесе балаларының екпе алғаны туралы мәліметті тексере алады.
Министрлік жаңа жүйе вакцинация есебінің ашықтығын арттырып, медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген деректердің дұрыстығын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Хабарлама келгеннен кейін не істеу керек?
SMS алған азамат вакцинация туралы мәліметтің дұрыстығын растауы тиіс. Ол үшін 1414 қысқа нөміріне төмендегі екі жауаптың бірін жіберу қажет:
Егер азамат өзіне немесе баласына екпе салынбағанын көрсетсе, бұл ақпарат медициналық жүйедегі мәліметтермен салыстыруға және ықтимал сәйкессіздіктерді дер кезінде анықтауға көмектеседі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің түсіндіруінше, кері байланыс арқылы іс жүзінде жүргізілген вакцинация мен медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген деректер арасындағы айырмашылықтарды анықтауға болады. Ал вакцинация туралы қосымша ақпаратты eGov Mobile мобильді қосымшасынан алуға болады.
Ескерту: SMS-хабарламада көрсетілген мәліметті мұқият тексеріңіз. Егер екпе жасалмаған болса, 1414 нөміріне 812 кодын жіберу қажет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді