10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев заң жобасына қатысты балалардың азаматтық мәселелері бойынша сұрақ қойды.
Ұлттық қордағы қаражат 18 жасқа толған кезде баланың талап ету құқығы бар екенін білдіреді. Осы жасқа жеткеннен кейін бұл қаражат баланың айырықшы меншігі болады. Ол болашақта бұл қаражатты білім алуға жұмсай ма, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай ма, оны өзі шешеді. Алайда, заң жобасында бала туған сәттен бастап 18 жыл бойы Қазақстан аумағында тұруы тиіс деген талап көзделмегенін атап өткен жөн. Осыған байланысты сұрағым. бала отбасы мүшелерімен бірге Қазақстан азаматтығын ауыстырып, кейін қайта Қазақстан азаматтығын алған кезде, ол Қазақстанда 18 жыл бойы өмір сүрген болса, шотта жиналған барлық соманы алуға құқылы ма? Мысалы, көшу кезінде 5 жастағы бала тәуелсіз шешім қабылдай алмайтыны және ата-анасының шешіміне толықтай тәуелді екені ескеріле ме?, - деп сұрады мәжілісмен.
Сұраққа жауап берген депутат Үнзила Шапақ балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтын ата-аналар туралы айтты.
Ерекше жағдайлар заңда көзделген. Егер де 18 жасқа толмаған бала елден, Қазақстан азаматтығынан шығып кетсе бұл төлем төленбейді. 18 жасқа толмаған бала азаматтығын өзгертпей елден кетіп, басқа шетелде тұрып жататын болса, заң жобасында көрсетілген норма бойынша бұл төлем төленеді, - деп жауап берді депутат.
Ол егер де шығып, сосын қайтадан елге көшіп келіп, азаматтық алатын болса, алдындағы есептеулердің барлығы жойылады деп айтты.
Мысалы, 5 жасында кетіп, біз алдыңғы төлемді жойып жібердік, 12 жасында келіп, азаматтығын алса, заң бойынша бұл төлем әрі қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, азаматтықты ауыстыру баланың ата-анасының таңдауын білдіретіні рас, бірақ бұл азаматтардың өз баласының болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтынын білдіреді деп ойлаймыз. Бұл - менің жеке көзқарасым, - деді депутат Үнзила Шапақ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді