Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
22 желтоқсан күні Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. 3 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақат алғаны белгілі.
Оқиғадан соң жанжал шығарған жолаушының қашып кеткісі келген сәтінен видео жарияланды. Ол "Балама баруым керек, балама баруым керек, кешірші", - деп сөйлеп жатыр. Басқа жолаушылар оны ұстап алып, адам өлгенін айтып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді