Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекEl.kz интернет порталының тілшісі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтен жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу туралы пікірін сұрады.
Оның айтуынша, бұл ретте оқушыларды жаңа технологияларды жауапты әрі тиімді пайдалануға үйрету маңызды.
Жасанды интеллект біздің өмірімізге кірді. Ол бүгін емес, келесі 5 жылда, 10 жылда да біздің күн тәртібімізде болады. Сондықтан ең бастысы – оны қалай дұрыс әрі жауапты қолдануды үйренуіміз керек, – деді депутат.
Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, жасанды интеллектіні мектепке енгізу – тек ChatGPT немесе өзге жүйелерді ашып, мәтін жаздыру емес. Қазірдің өзінде көптеген оқушылар ChatGPT, Gemini, DeepSeek сияқты платформаларды еркін қолданады. Алайда басты мәселе – олардың бұл құралдарды қалай пайдаланып жүргенінде.
Кей балалар жасанды интеллектіні дұрыс қолданбағанның кесірінен ойлау, талдау және сұрақ құрастыру қабілетінен айырылып барады. Сондықтан ең алдымен, оларға этика, академиялық адалдық, экологиялық мәдениет және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын үйрету қажет, – деді ол.
Депутат жасанды интеллект ұсынған ақпарат әрдайым шынайы бола бермейтінін айтады.
ЖИ кейде сілтемесі бар сияқты етіп, жалған деректерді ұсынады. Сондықтан оны ақиқат деп қабылдауға болмайды, – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның пікірінше, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін ең алдымен оқу сауаттылығын арттыру қажет. Себебі бұл технология тілмен жұмыс істейді, ал оны түсіну үшін адам мәтінді жақсы оқи және талдай білуі тиіс.
Өкінішке қарай, біздің оқушылардың оқу сауаттылығы төмен деңгейде. Олар мәтінді тез оқиды, бірақ мазмұнын түсінбей жатады. Сондықтан жасанды интеллектіні қолдану дегеніміз – оқу сауаттылығын, сыни ойлауды және когнитивті қабілеттерді дамыту деген сөз, – деді депутат.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, егер жасанды интеллект мектеп бағдарламасына енгізілсе, онда бағалау жүйесін де жаңарту қажет болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?