Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында балалардың тамақтан улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін аталған орталықта уланған балалардың біреуі қайтыс болып, алтау жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлағанбыз. Бас прокуратура мәліметінше, бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 2-бөлігімен (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданған.
Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады, - делінген мәліметте.
Бас прокуратура еліміздегі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеменің барлығында кешенді тексеру болатынын атап өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?