30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өткендей, балаларға қамқорлық көрсету – бұл ортақ жауапкершілік әрі мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Осыған орай бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Мерекелік науқан аясындағы іс-шаралар легі
Мерекеге дейінгі іс-шаралар легі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» ұранымен ұйымдастырған науқаннан басталды. Бұл іс-шараның тақырыбы бала өміріндегі отбасының рөлін айқындау болды. Еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, театрлық және концерттік бағдарламалар, спорттық және шығармашылық байқаулар, музейлер мен кітапханалардағы тақырыптық көрмелер өтті.
Сондай-ақ науқан аясында барлық аймақта Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері өтті. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту іс-шараларына куә болды. «Қазақстан балалары» ұлттық науқанына алғашқы күні еліміз бойынша жарты миллионнан астам қазақстандық қатысты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды