20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОрталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Оқу-ағарту министрлігінің балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қолға алынған шараларды атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еділ Оспанның айтуынша, министрлік балаларды қорғауға бағытталған барлық мемлекеттік органның күш-жігерін үйлестіруге және біріктіруге ерекше назар аударып отыр.
Былтыр алғаш рет «баланы жәбірлеу (буллинг)» ұғымы ұлттық заңнамаға енгізіліп, балаларды булингтен қорғау механизмдері бекітілген. Балалар арасындағы буллинг фактілерінің алдын алу және психологиялық қызмет қағидалары әзірленген. Қағидаға сәйкес, жыл сайын білім беру ұйымдары балаларды буллингтен қорғау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, танымдық-тәрбиелік әлеуеті зор түрлі мектепішілік және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастырады, - деді Еділ Оспан.
Вице-министрдің сөзінше, жәбір көрген кәмелетке толмағандарға психологиялық және әлеуметтік оңалту тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында биылдан бастап 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өткізілгенін атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?