22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Динара Зәкиева ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгінген.
Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке "Қорқыту" атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын, - дейді Динара Зәкиева.
Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ.
Оқи отырыңыз:
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы, кез-келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын, - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Facebook парақшасында.
Айта кетейік, атақты боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік. Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді. Сондай-ақ Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын айтқан еді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев