2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМаңғыстау облысында ерлі-зайыпты бес баласымен бірге ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар газға тұншығып қалған. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болды. "КТК" телеарнасы мәліметінше, марқұмдардың уланып өлгенін түс уақытында үйіне келген көршілері көріп, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ ол кезде бәрі кеш болды.
Туыстарының айтуынша, оқыс жағдай жылыту пешінің мұржасына қатқан мұздан болған. Улы газ үй ішіне жайылып, жеті адам тіл тартпай кеткен. Көршілерінің шақыртуымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері үйден жеті адамның газға уланып, ісініп кеткен мәйітін тапқан. Оның бесеуі - кәмелетке толмаған бала.
Марқұмдардың туыстары улы газ шатырдың саңылауынан үйге тарағанын айтады.
Осы сәтте ұйықтап жатқан бес баланың бірі оянып, үлкендерге хабарлағысы келген. Алайда есігі ішінен кілттеулі ата-анасының бөлмесіне кіре алмапты. Жалма-жан үйдің терезесін ашуға жүгірген кішкентай бала пердеге асылған күйі ажал құшыпты, - деп жазылған арна мәліметінде.
Осы оқыс жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүріп жатыр.
Айта кетсек, қайғылы оқиға, 2 наурызда болған еді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова