Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПродюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Менің құрдастарым балаларын үйлендіріп жатыр. Біз де сол сияқты құдалық, ұзату, үйлену той жасап, балаларымыздың қасында болудың орнына 20 жылға артқа кеттік. Бала-шағамыздың әдемі өмірі енді басталып жатқан сәтінде берекемізді балтамен шапқандай болдық. Әдемі жарқырап тұрған шыныны өз қолымызбен сындырдық, - дейді ол.
Оның айтуынша, дәл қазіргі кез олар отбасы болып той жасауға қамданатын уақыт еді.
Адам, пенде болғаннан кейін жан-жағыңа қарап қызығасың. Балаларымыздың тойы деп жүгіріп-шауып жүретін уақытта әрбіреуіміздің махаббат деп басын қатырып жүру – тіпті ауыр дүние. Өз жүрегіне ерік берген дұрыс шығар, бірақ сонда да ақылға салуға болатын нәрсе еді ғой, - деді Мөлдір Мұқанова.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер