20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері алғаш рет ұлттық сусын – қымызға арналған кең ауқымды гастрофестиваль – «BaiQymyz – Бапталған қымыз» өтеді. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары қымыздан дәм татып қана қоймай, танымал өнерпаздардың концертін тамашалай алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, концертте елімізге белгілі әртістерөнер көрсетеді. Олардың қатарында Sadraddin, «Тұран» тобы, «Алатау серілері», Ардақ Балажанова, «Жошы» тобы, Қанат Үмбетов, Құрмаш Махан, Қыдырәлі мен Қарақат, Жұбаныш Жексенұлы, Қайрат Баекенов бар.
Фестивальге Қазақстанның барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысады деп жоспарланған. Екі күндік шараға 60 мыңға жуық қонақ келеді деп күтіліп отыр.
Фестивальдің маңызды бөлігінің бірі – «Үздік қымыз» байқауы. Байқау жеңімпаздарына қомақты қаржылай сыйлықтар табысталады. Жалпы жүлде қоры – 45 миллион теңге (I орын – 20 млн теңге, II орын – 15 млн теңге, III орын – 10 млн теңге).
Іс-шараның мақсаты – қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту, оны ұлттық бренд ретінде дамыту және агротуризм мен жылқы шаруашылығына серпін беру. Сонымен қатар, фестиваль аясында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этноауыл, шеберлік сабақтары, балалар алаңы, ғылыми-тәжірибелік конференция және ат спорты сайыстары өтеді. Кіру тегін.
Фестиваль өткізілуіне байланысты 19-20 шілде күндері №18, 37 және 303 автобус бағыттарының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты тұрғындар өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Біз бұған дейін елордада "BaiQymyz" гастрофестивалі өтетінін, онда 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылатынын жазған болатынбыз.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?