7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астанада өтіп жатқан BaiQymyz–2026 халықаралық гастрофестивалі қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлі сусындарын дәріптейтін ірі мәдени алаңға айналды, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Елордадағы «Қазанат» ипподромында ұйымдастырылған фестивальде қонақтар қымызбен қатар қазақ дастарханының ажырамас бөлігі саналатын шұбаттан да дәм татып, ұлттық өнімдердің ерекшелігімен танысуда.
Фестивальге қатысқан өндірушілер келушілерге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз ұсынып отыр. Бұл ұлттық сусындарға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің әлеуетін де танытуға мүмкіндік беруде.
Шараға қатысушылардың бірі – «Сыр дәмі» бренді. Кәсіпорын иесі Дамир Әбілданың айтуынша, олардың негізгі бағыты – шұбат өндіру.
Біз негізінен шұбат өндірумен айналысамыз. Фестивальге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз алып келдік. Қазіргі таңда қолымызда жылқы көп болғанымен, оның 350 басы ет бағытында өсіріледі. Ал сүт бағытындағы шаруашылықты енді ғана дамытып жатырмыз. Мұндай фестивальдер ұлттық сусындарды кеңінен таныстырып, дәстүрлі өнімдерді тұтыну мәдениетін қалыптастыруға үлкен серпін береді, - деді кәсіпкер.
Шұбат - қазақ халқының ғасырлар бойы тұтынып келе жатқан табиғи әрі құнарлы сусыны. Құрамындағы дәрумендер мен пайдалы микроэлементтердің молдығы оның денсаулыққа пайдалы тағамдардың бірі екенін дәлелдейді. Сондықтан фестиваль аясында шұбатқа деген сұраныстың жоғары болуы ұлттық өнімге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады.
BaiQymyz–2026 фестивалі ұлттық сусындарды таныстырумен ғана шектелмейді. Екі күнге жоспарланған шара бағдарламасында ұлттық тағамдардың жәрмеңкесі, қолөнер көрмелері, мәдени-көпшілік және спорттық бағдарламалар, ат спортының көрсетілімдері, балалар мен отбасыларға арналған арнайы аймақтар, сондай-ақ қазақстандық өнер жұлдыздарының концерттері ұйымдастырылған.
Осындай ауқымды фестивальдер ұлттық тағам өндірісін дамытуға, ауыл кәсіпкерлерін қолдауға және қазақтың дәстүрлі тағам мәдениетін келер ұрпаққа кеңінен насихаттауға жол ашып келеді. Сонымен қатар мұндай шаралар ішкі туризмді дамытуға, ұлттық брендтердің танымалдылығын арттыруға және қазақ халқының бай мәдени мұрасын әлемге танытуға үлес қосады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?