Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов Ыстамбұлға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді ол жергілікті «Бешикташпен» келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Бахтиерді клуб вице-президенті Серхан Четинсай әуежайдан салтанатты түрде күтіп алып, бұл іс-шараға жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері де қатысты.
Бұған дейін футболшы ЦСКА-дағы әріптестерімен қоштасқанын жазғанбыз.
Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 5 млн еуроға сатып алған. Сонымен қатар кейін оны сатып жатса, тағы 15 процент бонус төлейді.
Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын өткізеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді