6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлер мен ұлттық құрама ойыншыларына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында Зайнутдинов түрік тілінде:
Қолдауларыңыз үшін көп рахмет! - деп жазды.
Сонымен қатар қазақстандықтарға алғысын жеткізіп, ұлттық құрамаға сәттілік тіледі:
Баршаңызға жылы лебіздеріңіз үшін шексіз алғысымды айтамын! Жігіттерге ұлттық құраманың маңызды матчтарында тек сәттілік тілеймін! Алға!
Айта кетейік, 12 қарашада Түркия Суперлигасының аясында Ыстамбұлдың «Башакшехир» клубына қарсы ойында қазақстандық ойыншы қарсыласымен соқтығысып, мұрын сүйегі мен көзін жарақаттап алған болатын. Оған операция да жасалды.
Осылайша, Бахтиер Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Словениямен болатын шешуші ойындарда ұлттық құрамамен алаңға шыға алмайтын болды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі