Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылғы қыркүйек айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялар мен облигациялар нарығы белсенді өсім көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Акциялар нарығының капиталдандыруы 40,2 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 22,3%-ға артқан. Өсімге KASE индексінің көтерілуі және бірқатар ірі компаниялардың акция бағасының қымбаттауы әсер етті. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» акциялары 9,2%-ға, ал «Қазатомөнеркәсіп» қағаздары 14,3%-ға қымбаттады.
KASE индексі қыркүйек айында 2,2%-ға өсіп, 7 149,42 тармақты құрады. Акциялармен сауда көлемі 27 млрд теңгеге жетіп, айлық өсім 9%-ды көрсетті. Сауда белсенділігіне негізінен «Эйр Астана» және «Банк ЦентрКредит» акциялары ықпал етті.
KASE Global секторында шетелдік 59 эмитенттің бағалы қағаздары айналымда. Бұл алаңдағы сауда көлемі 23,4%-ға өсіп, қыркүйек айында 21,9 млрд теңгеге жетті. Белсенділікке Intel, NVIDIA және бірқатар ETF қорларының қағаздары себеп болды.
Корпоративтік облигациялар нарығы да оң динамика көрсетті:
Ал мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көлемі 30,7 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 13,5%-ға артты, бірақ сауда көлемі қыркүйекте 22,3%-ға азайып, 614,5 млрд теңге болды.
Ұжымдық инвестициялау нарығында қазіргі таңда 58 инвестициялық пай қоры жұмыс істейді. Олардың басқаруындағы активтер бір айда 4%-ға өсіп, 396,4 млрд теңгеге жетті. Бұл активтердің 84%-ын бағалы қағаздар портфелі құрайды.
Сонымен қатар, қор нарығының кәсіби қатысушылары - брокерлер, дилерлер және инвестициялық басқарушылардың белсенділігі артқан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?