13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан мектептерінде оқушыларды бағалау тәртібі өзгерді. Оқу-ағарту министрлігі орта және техникалық білім беру ұйымдарында оқушылардың үлгерімін бағалау ережелерін жаңартты.
Жаңа ережеге сәйкес, 1-сыныпта оқушыларға баға қойылмайды. Ал 2-4-сынып оқушыларының сабақтағы жұмысы формативтік бағалау арқылы бағаланады.
Бағалау өзгерді
Формативтік бағалау дегеніміз – оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін үнемі бақылау. Мұғалім оқушыға сабақтағы және үй тапсырмасындағы жұмысына қарай 1-ден 10 балға дейін балл қояды.
Әр пән бойынша оқушы тоқсан ішінде өткен сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалануы керек. Баға электронды немесе қағаз журналға енгізіледі. Оны қағазға шығарып, бөлек сақтаудың қажеті жоқ. Бастауыш сыныптарда пәндерге қарай аралық бағалау да өткізіледі.
Қазақ тілі, орыс тілі және ана тілінен оқушылардың тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдылары тексеріледі. Диктант пен оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар да болады. Шетел тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеу, сөздерді дұрыс қолдану және жазу дағдылары бағаланады.
«Әдебиеттік оқу» пәнінен шығарма мен мазмұндама жазылады. Математикадан бақылау жұмысы өткізіледі. Оның ішінде математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмалар болады.
«Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен оқушылар ауызша, жазбаша, практикалық, зертханалық немесе жобалық жұмыстар орындайды. Ал «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндерінде практикалық, шығармашылық, жобалық және спорттық жұмыстар арқылы бағаланады.
2-сыныпта аралық бағалаудың ең жоғары көрсеткіші – 12 балл, 3-сыныпта – 14 балл, 4-сыныпта – 16 балл. Оқушының тәртібі үшін бағасы төмендетілмейді. Сондай-ақ тапсырманы қалай рәсімдегені үшін балл шегерілмейді.
Қай кезде оқушы сыныпта қалады?
5-11 (12)-сынып оқушыларының жылдық бағасы тоқсандық бағаларының орташа көрсеткіші бойынша қойылады. Егер оқушының бір немесе екі пәннен жылдық бағасы «2» болса, оған оқу жылын аяқтағаннан кейін қосымша бағалау тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Бұл бағалау оқу жылы бойы өткен материалды қамтиды. Оның нәтижесі жылдық бағамен бірге есептеліп, қорытынды баға шығарылады.
Егер оқушы бір немесе екі пәннен қайтадан «2» алса, оған тағы бір мүмкіндік беріледі. Ол жаңа оқу жылы басталғанға дейін қосымша жиынтық бағалаудан өтеді.
Осы бағалаудан кейін де «2» алса, оқушы оқу жылын қайта оқуға қалдырылады. Ал егер оқушының жылдық бағасы үш немесе одан да көп пәннен «2» болса, ол бірден оқу жылын қайта оқуға қалдырылады. Ал жылдық бағалары «3», «4» және «5» болған оқушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
Осылайша, жаңа ережеде бір немесе екі пәннен үлгерімі төмен оқушыға білімін қайта көрсетуге бірнеше мүмкіндік қарастырылған. Ал үш және одан да көп пәннен жылдық бағасы «2» болған оқушы келесі сыныпқа көшпейді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды