Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікКриптовалютаның заңсыз саудасы үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен елге жеткізілді, деп хабарлайды Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің көмегімен криптовалютамен заңсыз сауда жасағаны үшін іздеудегі Қазақстан азаматын Дубайдан экстрадициялады.
Күдікті 2022-2024 жылдар аралығында тиісті лицензиясыз «Binance» криптобиржасының платформасында жеке тұлғалар үшін цифрлық активтерді сатып алу, сату және айырбастауды жүзеге асырып, 400 млн теңге сомасында заңсыз табыс тапқан.
Қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Биылғы жылдың ақпанында ол Дубайда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, — делінген хабарламада.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер