29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сатуға қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Қазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл банк «Сбербанк Ресейдің» еншілес ұйымы екені белгілі. Аталған банк санкция тізіміне енгізілген болатын. Оның шетел банктеріндегі корреспондеттік шоттары жабылды, сондай-ақ жаңа қаржыландыру тетіктерін тарту мүмкіндігіне шектеу енгізілді. Осыған байланысты «Сбербанк Ресей» өзінің Қазақстандағы еншілес банкін сату туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде аталған банкті сату тұрғысында «Бәйтерек» холдингімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл ретте шарттың мән-жайын тараптар келіссөз аяқталған кезде жариялайды деп ойлаймын. Біз агенттік ретінде келісімшартты бекіту кезінде банк заңнамасы талаптарының сақталуын бақылаймыз», - деді М. Әбілқасымова.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек