29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасында батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 17 шілдеде сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасының бойындағы «Аюда» демалыс базасынан үш шақырым жерде болған.
Жолаушылар тасымалдайтын кеме қатты желдің салдарынан суға бата бастады. Кеме «Садко» демалыс базасынан «Аюда» базасына қарай жүріп келе жатқан.
«Бортта 24 адам (21 жолаушы және 3 экипаж мүшесі) болған. Жел жылдамдығы секундына 20 метрге жетті, - делінген ақпаратта.
Адамдарды құтқару үшін капитан бастаған команда мүшелері қайыққа тез арада құтқару салын орналастырды. 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала аман-есен Аюда базасына жеткізілді. Барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек