Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Бейжіңде 4 наурызда өтеді. Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионда болады, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстан Паралимпиада құрамасынан туды пара шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.
Қазақстан Паралимпиада құрамасының құрамына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетеді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады.
Спортшылар спорттың алты түрінен: шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноубордтан 78 жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандық паралимпиадашылар алдымен парабиатлонға қатысады. Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц өнер көрсетеді. Жарыс 5 наурызда Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласында өтеді.
baq.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек